00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл өлім көрсеткіші 14 пайызға төмендеді – министр

31.03.2023 | 17:55
Сабина Кәкімжан
36

Ауылда бала өлімі қаламен салыстырғанда 38,7 пайызға төмендеген. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Былтырмен салыстырғанда жалпы өлім көрсеткіші 14 %-ға төмендеді. Ауылдағы ана өлімі биыл соңғы 6 айдың қорытындысы бойынша қалаға қарағанда 2 есе төмен. Биыл нәресте өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауылдық жерде 30,6%-ға артты. Ауылда бала өлімі қаламен салыстырғанда 38,7%-ға төмен, - деді министр.

Қазіргі таңда еліміздегі ауылдарда 7,8 млн адам тұрады. Бұл ел халқының 41 %-ын құрайды. Ауыл халқының 38%-ы - балалар, 62 %-ы - ересектер. Бала туу жасындағы әйелдер – 1,7 млннан асады.

Айта кетейік, ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым, оның ішінде 2 мыңнан астам медициналық пункт, 800 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1000-нан астам дәрігерлік амбулатория, 200-ден астам емхана және 203 аурухана медициналық көмек көрсетеді.

Барлық жаңалықтар