00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Атыраудағы «сәләфизм бағытындағы» қыздар мектебі айыппұлмен құтылып кетті

31.03.2023 | 17:44
Елорда ақпарат
54

Атырауда рұқсатсыз жұмыс істеп келген ұлттық қыздар мектебі айыппұл төлейтін болды, деп хабарлады Elorda.info.  

Атырау қалалық мамандандырылған соты мектепті бар болғаны әкімшілік жазаға тартып, «Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз кәсіпкерлікпен немесе өзге де қызметпен айналысу» бабы бойынша 53 603 теңге айыппұл салды.

Оқи отырыңыз: Атыраудағы «сәләфизм бағытындағы» қыздар мектебінде шу болып жатыр

Атырауда сәләфи мектебі заңсыз жұмыс істеп жатыр

Атырау облысы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сәйкес, «Қыздарға арналған Қазақ ұлттық мектебі» ЖШС 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 101 оқушыны қабылдап, өз жұмысын бастаған.

Айта кетелік, тек қана қыздарға арналған мектеп қоғамда үлкен дау тудырды. Кейбір басылымдар аталған мектептің діни бағытта білім беретінін айтқан болатын. 

Барлық жаңалықтар