00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ер адам келінін аяусыз ұрып-соғып, зорламақ болған (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:41
Елорда ақпарат
37

Алматы облысы Қарасай ауданында ер адам 6 баланың анасын зорламақ болған. Кейін 35 жастағы әйелді аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлады Elorda.info.

Белгілі заңгер Айман Омарова facebook-парақшасында әйелге ер адамның 23 жастағы ұлы да қол көтергенін жазды. 

Қайын ағасы түнде бөлмесіне сүйреп, зорламақ болған. Әйел үйінен қашып шыққан. Ал ұлы Бекжан әйелді тепкіге алған. Салдарынан әйел көп қан жоғалтқан және көк бауырын алып тастады. Полиция тек ұлы Бекжанды ғана уақытша тергеу мекемесіне қамаққа алған. Әлі санкция болмаған. Оның әкесі А. сайраңдап жүр, – деді заңгер.

Полицейлер 35 жастағы әйелдің жансақтау бөліміне жатқызылғаны туралы ақпарат 27 қыркүйекте келіп түскенін айтты. 

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлімінде (Денсаулыққа қсақана ауыр зиян келтіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті Қарасай ауданының полиция бөліміне жеткізілді, – делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар