00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Енді ЖСН SMS арқылы жіберіледі

31.03.2023 | 17:33
Елорда ақпарат
36

Қазақстандықтарға, соның ішінде шетелден келіп жатқан азаматтарға дайын болған жеке сәйкестендіру номерін (ЖСН) алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудың қажеті жоқ. Дайын ЖСН ұялы телефонға SMS-хабарлама ретінде келеді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін Бағдат Мусин елордадағы«Жастар» сарайында Астана әкімдігімен бірге шұғыл түрде ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Бұл орталық Ресей азаматтарына қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған Халыққа қызмет көрсету орталығы негізгі орталықтарға түсетін жүктемені азайту үшін ашылған болатын. Қазіргі уақытта өз отандастарымызға бірінші кезекте, кедергісіз, штаттық режимде қызмет көрсетіліп жатқанын атап өткім келеді.

Ресей Федерациясынан келген азаматтар санының көптігінен, операторлар ұзын-сонар кезекте тұрғандарды қабылдап үлгермеуде.

Бүгінгі күнге дейін жағдай былай өрбіді: Ресей азаматтары ХҚКО-ға келіп, құжаттарын ұсынады, олардың деректері базаға енгізілгеннен кейін қайтып, екінші күні ЖСН алу үшін ХҚКО-ға қайта барады. Бұл олардың да, ХҚКО операторларының да көп уақытын алады. Сонымен қатар, ғимараттағы адам санының көптігіне себеп болады, - деп жады Б.Мусин Facebook-парақшасында.

Министрдің айтуынша, енді азаматтар, соның ішінде ресейліктер дайын болған ЖСН-ды алу үшін ХҚКО-ға бармайды. ЖСН олардың ұялы телефондарына СМС ретінде келеді.

Енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға екінші рет келудің қажеті жоқ, ЖСН олардың телефон нөміріне 1414 қызметінен СМС-хабарлама түрінде жіберілетін болады. Бұл дайын ЖСН алу үшін кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты. Бұл өз кезегінде адамдардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарында шоғырланбауының алдын алады.

Бүгін біз екінші деңгейлі банктерге ЖСН деректер базасында берілетіні туралы ақпаратты жеткіземіз, нөмірді енгізген кезде кез-келген азамат туралы ақпарат автоматты түрде шығатын болады.

ХҚКО қызметкерлеріне ештеңеге қарамастан, жедел түрде қызмет атқарып жатқандары үшін алғыс айтқым келеді.

Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз, - деді министр.

Барлық жаңалықтар