00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Нұр-Сұлтанда жеңгетайлықтың 3 фактісі анықталды

31.03.2023 | 17:02
Елорда ақпарат
42

Нұр-Сұлтан полицейлері “Stop-трафик” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда аумағында адам саудасы, жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Stop-трафик жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары көңіл көтеру орындарын, сауналарды, қонақүйлерді және жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар пайда болуы мүмкін басқа да орындарды тексеруге ерекше назар аударды.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бауыржан Момышұлы даңғылындағы саунада жеңгетайлықпен айналысатын 53 жастағы сауна әкімшісін ұстады. Ол 28 және 22 жастағы екі қызға интимдік қызмет көрсету үшін 60 мың теңге ақшалай сыйақы ұсынған. Үй-жайды тінту барысында әкімшіден ақша қаражаты алынды. 

Аталған факті бойынша ұсталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Stop-трафик жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша жеңгетайлықтың 3 фактісі анықталды. Жеңіл жүрісті 3 қыз мамандандырылған есепке қойылып, 5 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде 2-еуі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай ұсынғанына байланысты және 3-еуі ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін жауапкершілікке тартылды.

Барлық жаңалықтар