00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Атырауда сәләфи мектебі заңсыз жұмыс істеп жатыр

31.03.2023 | 17:00
ҒаниАтымтай
34

Атырауда жеке сәләфилік мектеп заңсыз ашылып, жұмыс істеп жатыр, деп жазады Elorda.info.

ORDA.KZ сайтының ақпаратына қарағанда, бұл туралы блогер Нұргүл Мұқышева жазған.

Оның айтуынша, бұл оқу орны «Ұлттық әйелдер мектебі» деп аталады, онда қыздар хиджаб пен  арабтың ұлттық киімдерін киеді.

Нұргүл Мұқышеваның айтуынша, бұл сәләфилік оқу орнының негізін салушылар сәләфиттік идеологияны кеңінен насихаттап жүрген түркіменстандық Есбосын Асан мен Розиев Мұрат. Есбосын Асан Балғабайұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы «Бопсалау» бойынша айыпты деп танылып, адвокаттық лицензиясынан айырылған.

Өздеріңіз білетіндей, сәләфиттер Қазақстан мектептеріндегі зайырлы форматта оқытуға үзілді-кесілді қарсы. Мен Қазақстан Республикасының Білім министрінен осы мемлекеттік емес «сәләфиттік  әйелдер мектебіне» лицензия бермеуді және оны дереу жабуды сұраймын, – деп келтіреді AtPress порталы белсендінің сөзін.

Полиция департаменті білім беруді ұйымдастыруға қатысты ақпаратты Атырау облысының Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасы тексеретінін, қылмыстық құқық бұзушылық анықталса, материалдарды құқық қорғау органдарына жіберетінін айтты.

Жаңа білім беру ұйымдарына лицензия беру Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасының құзыретіне жатады. «Қазақ ұлттық әйелдер мектебі» Ұлттық білім беру деректер базасында (ҚҰБҚ) тіркелген, бірақ лицензия туралы мәлімет жоқ. Бүгінде Атырауда 14 жеке білім беру ұйымы тіркелген, онда 2070 бала білім алуда, оның 76-сы Қазақ ұлттық әйелдер мектебінде, – деді қалалық Білім басқармасындағы дереккөз.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бердібек Тайышевтің айтуынша, бұл жеке ұйым уәкілетті органдардан лицензия алмаған, осы мәліметтер негізінде тексеру жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар