00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды – зерттеу

25.02.2023 | 14:05
Айман Нығмет
46

Соңғы жарты жылда елімізде жұмыссыздар саны 452 мың адамды құрады. Бұл ретте ауылдық жерлерде жұмыссыздар саны бір жылда 1,3%-ға, 182,8 мың адамға дейін өсті, ал қалалық жерлерде, керісінше, олардың саны 0,7% - ға, 269,1 мың адамға дейін қысқарды. Қазақстанда халықтың жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап,өзгеріссіз қалды.

Гендерлік бөліністе алшақтық анағұрлым маңызды. Осылайша, ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2%-дан 4,4%-ға дейін өсті, бірақ бұл әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейінен айтарлықтай төмен, ол 2022 жылғы екінші тоқсанда 5,3%-ды құрады, алайда, өткен жылмен салыстырғанда (5,6%) төмен.

Өңірлік бөліністе соңғы жарты жылда  жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау және Түркістан облыстарында анықталды. Одан кейін Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары да бар.  Жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Ұлытау облысында (4,2%) , Қарағанды облысы (4,5%) және Нұр-Сұлтан қаласында (4,7%) байқалды

Барлық жаңалықтар