Қазақстандық танкистер халықаралық армия ойындарда жеңіске жетті
![](/img/articles/uploads/62fcccfe5a3c7431590297_a6c68aa6dc.jpg)
Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» байқауының екінші экипаждарының жарысында қазақстандық танкистер тағы да жеңіске жетті. Танк командирі аға лейтенант Сейітжан Қобыланұлы, көздеуші-оператор сержант Бауыржан Бұғыбаев және механик-жүргізуші ефрейтор Жаннұр Жұмабаевтардан тұратын экипаж кедергілерді еңсеріп, атыс тапсырмаларын сәтті орындап шықты. Қазақ жауынгерлері трассадан 26 минут 35 секундта өте білді. Екінші орындағы Өзбекстан әскери қызметшілерінің нәтижесі – 27 минут 23 секунд.
Әзербайжанда су үсті кемелері экипаждарының қатысуымен «Теңіз кубогы» байқауының бірінші кезеңі өтті. Онда әскери теңізшілер қалқымалы минаның макетін ату тапсырмаларын орындады. 3-дәрежелі капитан Рауан Ергебеков басқаратын қазақстандық «Сарыарқа» кораблінің құрамында ракеталық-артиллериялық жауынгерлік бөлім командирі аға лейтенант Азамат Бақтығалиев пен бас старшина Ерлан Тоқтабаевтар бар экипаж тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Кезең қорытындысы бойынша бірінші орынды 45 балл жинаған Әзербайжан мен Ресейдің әскери теңізшілері өзара бөлісті. Қазақстан командасы 42 ұпаймен екінші орында тұр.
Кабардино-Балкарияда жасанды жартасты рельефте «Эльбрус сақинасы» байқауының төрт арнайы тапсырмасын орындаған Қазақстан командасы бесінші орыннан үшінші орынға көтерілді. Бұл сайыста Ресейдің әскери альпинистері көш бастап тұрса, екінші орында Өзбекстанның әскери қызметшілері.
Арменияда «Бейбітшілік жауынгері» әскери-спорттық сайысының бірінші кезеңі аяқталды. Сайыс барысында әскери қызметшілер дене шынықтыру даярлығынан нормативтер тапсырды. Жарыс нәтижелері бойынша бірінші орында Беларусь, екінші орында – Қазақстан, үшінші орында – Ресей әскери қызметшілері.
![](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![Түркістанда шетелге жұмысқа бару үшін ата-аналар балаларын мешітке тастап кеткен](/img/articles/54f0d36825ad440a6c34d43ebea71935.jpg)
![Ұлттық банк алаяқтыққа қатысты маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/62e924c8bca6c66151c7214a8327a26f.png)
![Елімізде жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін](/img/articles/ea3863871618e6062750a9427644bf4a.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)