00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Еліміздің барлық өңірінде 5G қашан қолжетімді болатыны белгілі болды

25.02.2023 | 12:58
Айман Нығмет
37

 «Қазіргі уақытта 5G технологиясы бірнеше қалада ілкі режимде іске қосылған. Биыл аукцион өткіземіз. Сол аукционда бірнеше локацияны қамту міндеттемесі болады. 5G-дің қазіргі нұсқасы бүкіл елді мекенді толықтай қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінде операторлармен локация бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 5G енгізу трафик тұтынудың шамадан тыс өсімімен қатар 4.0 индустриясының, ақпараттық технологиялардың, ақылды үйлердің дамуына алып келетіндігін түсінеміз. Әрине, бұл жасалуы тиіс тренд болып тұр. Оны операторлармен бірге жасаймыз. Мұны қалай жасау қажеттігіне қатысты нақты ұстанымыз бар. Меніңше, алдағы екі жылдың ішінде тұрғындар еліміздің аумағында 5G желісінің қолжетімділігін сезеді», - деді Асхат Оразбек елордада өтіп жатқан «Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс» атты халықаралық форумда.

 

Барлық жаңалықтар