00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Алматыда тыржалаңаш самокат тепкен қыз бен жігіт қамауға алынды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 11:51
Елорда ақпарат
35

Жергілікті полиция қызметі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы жолдарында киімсіз самокатпен жүрген 1997 жылы туған М. есімді қыз бен 2003 жылғы Г. есімді азаматқа қатысты сот отырысы өткенін мәлімдеді.

Құқық бұзушыларды Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері анықтады және ұстады. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылықпен квалификацияланды. Істің материалдары сотқа жіберілді, оның шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Айта кетейік, Алматыдағы әл-Фараби даңғылында самокат мінген жалаңаш қыз бен жігіттің видеосы әлеуметтік желіде тараған еді.

Барлық жаңалықтар