00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жылдам оқу: уақыт талабы ма әлде жай қызығушылық па

Оқушылар арасында оқу дағдысы 3-4 сынып аралығында тұрақтала бастайды. Мұғалімдер қауымы оқушыларды сабақ барасында минутқа сөз оқытады. Бұл әдіс балалардың қаншалықты кітап оқитынын анықтайды. Бірі мектеп бағдарламасы қажет ететін кітаптарды ғана оқиды. Бірақ көпшілігі осы деңгейде қалады. Ал енді бірі қосымша танымдық әрі қызықты кітаптарды оқуды әдетке айналдырады.

Баяу оқу адамның үнемі жан-жаққа алаңдауына, тез шаршауына және ең бастысы ақпаратты дұрыс түсінбеуге алып келеді. Орта есеппен әр адам минутына 200-400 сөз оқи алады. Ал мамандар бұл көрсеткішті 3-4 есе арттыруға болатынын айтады.

Елордалық тренер Ұлпан Садықова тез оқу қазіргі уақытта ең қажетті дағдының бірі деп санайды.

Шын мәнінде тез оқуды бүгінгі қажеттіліктің бірі деп санаймын. Біз күн сайын өте ауқымды ақпаратпен жұмыс ңстейміз. Оқуда, жұмыста немесе қызығушылық болғанда жаңалықты қабылдаймыз. Осы тұста жылдам оқу мидың жұмысына әсер етіп, ақпаратты жүйелеуге, оны есте сақтауға мүмкіндік береді, - дейді жылдам оқытуға үйрететін маман.

Медицина университетінің студенті әрі 2 жылдық тәжірибесі бар Ұлпан Серғазықызы жылдам оқу сабағында 6-35 жас аралығындағы елордалықтарды оқытқанын жеткізді.

Мектеп бағдарламасында оқушыларды тек сабақта түсінгенін айтуға үйретеді. Ал жылдам оқытуда мәтінде дұрыс оқу техникасы арқылы ондағы ақпаратты тез түсінуге және уақыт үнемдеуге көмектеседі. Жылдам оқудың әдісін үйренген жан айына 10 кітап оқи алады. Ол әр адамның қажеттілігіне байланысты, - дейді ол.

Тренер мәліметінше, тез оқу әдісін жетілдіру үшін сабақ барысында түрлі тәсілдер қолданылады. Суреттерді ауқымды көру, сандар мен түстерді көз жүгірту арқылы жинау, ынта қойып оқу арқылы ақпаратты тез қабылдауға үйретеді.

Мектеп жасындағы балалардың бұл сабаққа қатысуына тікелей ата-аналары себепші болады.

Менің балам 7 жаста, бірінші сыныпта оқиды. Әліппені толық білмегендіктен оқу және жазуы қиын болған еді. Ұстаздардың арқасында балам жақсы нәтиже көрсетті. Қазір сабақты жақсы оқиды, – дейді елордалық ата-ана Гүлайым Қосанова.

Ата-ана жылдам оқу арқылы баланың мектеп бағдарламасындағы үлгерімін жақсартуға болады деп санайды. 

Жылдам оқу үшін кез келген адам ішінен, яғни көз арқылы оқу керек. Мысалы, менің балам минутына дауыстап 98 сөз оқитын. Жылдам оқу тәсілдерін үйренген соң, бір минутта 400 сөзге дейін оқи алады, – дейді ата-ана Бибігүл Адми.

Пандемия кезеңінде үйде отырған адам үшін түрлі ақылы онлайн курстар жандана бастады. Сол уақытта жылдам оқуды үйрету сабақтары қоғам сұранысына ие болды. Онлайнның «оңай» мүмкіндігіне үйренген жандар қазір де түрлі танымдық курстарды бос уақытында қашықтан үйренуге тырысады. Ал бірқатары оффлайн, яғни ұстазбен көзбе-көз отырып жұмыс істегенді дұрыс деп есептейді.

Айта кетейік, қаланың бір оқыту орталығында шамамен жылына 800-ге жуық тұрғын жылдам оқу әдістерін үйренеді. Ал қалада онлайн немесе оффлайн үйрететін курстар аз емес. Бұл қоғамда жылдам оқу тәсілдерін үйренуге деген қажеттілік бар екенін көрсетеді.

Барлық жаңалықтар