00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде қанша қазақстандық жеткіліксіз тамақтанады

25.02.2023 | 10:27
Айман Нығмет
41

Energyprom.kz мәліметінше, Қазақстанда 1,3 миллион адам толық тамақтанбайды. Халықтың тамақтану құнарлылығы бір жылда 9,2 пайызға қысқарды. 2021 жылы жан басына шаққандағы тәуліктік рационда 3111 ккал құрады. Бұл 2016 жылы ҚР халқының калориялық тамақтануын есепке алуды енгізген сәттен бастап ең төмен көрсеткіш.

Өңірлік бөліністе тек төрт өңірінде ғана тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы орташа республикалық мәннен төмен. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан (жан басына шаққандағы тәуліктік рационда 2856 ккал), Шымкент (2981 ккал), Маңғыстау (3047 ккал) және Қызылорда (3081 ккал) облыстары.

2021 жылы ең жоғары калориялы тағамды Павлодар (4120 ккал) және Ақмола (3780 ккал) облыстарының тұрғындары тұтынған.

Айта кетейік, ауыл мен қала арасындағы халықтың калориялық тамақтануындағы алшақтық өсуде. Егер 2020 жылы ауылдарда тұтынылатын тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы қалалық көрсеткіштен 20 калория асып кетсе, 2021 жылы айырмашылық 163 ккал дейін жетті.

 

Барлық жаңалықтар