00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордалық әртістер қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлады

25.02.2023 | 10:01
Елорда ақпарат
20

Шығармашылық ұжымның ұйымдастырған әндерінен қарттардың көңілі шат-шадыман болды. Ақсақалдар да қалыс қалмай ақ жаулықты аналарды ортаға вальске шақырып, шараның сәнін кіргізді.

Музыкалық жас көрермен театрының қыз-жігіттері Сабырхан Асановтың сөзіне Шәмші Қалдаяқовтың әні жазылған «Сағынышым менің» әнін хормен бастап, Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Арыстың жағасында» әнімен жалғастырды. Бұл әндерге бірге қосылып шырқамаған қариялар қалмады. Қайран жастық шақтары көз алдарына елестеп, көздеріне жас алғандары да көп болды.

Іс-шара соңында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қариялары жастарға ақжарма ақ тілектерін айтып, ақ батасын беріп, алғыстарын білдірді. 

Әділғазы Кереев

Барлық жаңалықтар