00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады

25.02.2023 | 07:45
Елорда ақпарат
36

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бедеулік салдарынан отбасылық жұптардың 20 пайызыы ажырасып жатқанына, отбасылық-демографиялық жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Былтыр осы бағдарлама арқылы 7 000 әйелге қосалқы репродуктивтік технологиялар қолжетімді болды. Нәтижесінде 3 000-нан астам әйел жүктілік бойынша есепке алынды. 1307 отбасында көптен күткен 1560 бала дүниеге келді. Бұл бағдарлама «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін жалғасатын болады, - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Барлық жаңалықтар