00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада интернет алаяқтарынан 1 млрд теңге шығын келген

25.02.2023 | 07:41
Елорда ақпарат
31

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Талғат Бөлегенов айтты.

Соңғы жылдары жоғары технологиялардың дамуына байланысты интернет-алаяқтық фактілерінің саны айтарлықтай өскен. Жыл басынан бері 5 айда елорда аумағында 1390 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Ал өткен жылдың 5 айында 1730 жағдай тіркелген еді. Интернет-алаяқтықтан келген жалпы материалдық шығын 1 млрд 150 млн теңгеден асты, - деді ол қалалық Полиция департаментінде өткен брифингте.

Бөлегеновтің мәліметінше, аталған кезеңде 48 интернет-алаяқ ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Жәбірленушілерге шамамен 135 млн теңге шығын өтелді. Ұсталған 48 адамның 25-і екі және одан да көп эпизод жасаған. Күдіктілер – негізінен 20-35 жас аралығындағы адамдар, - деді бөлім бастығы.

Мысалы, олардың бірі интернет желісінде 60-тан астам алаяқтық жасаған.

Биыл кәмелетке толмаған бір адам интернет-алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Ол шамамен 25 адамды алдаған және жедел-тергеу іс-шаралары барысында ұсталды. Оның өзі басқа қалада болса да, елордадағы пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялап отырған. Салдарынан күдікті өзгелерге 350 мың теңге шығын келтірген, - деді Талғат Бөлегенов.

 

 

Барлық жаңалықтар