00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Қазақстан әскерилері Түркиядағы жауынгерлік оқу-жаттығуларға қатысып жатыр

25.02.2023 | 06:39
Елорда ақпарат
63

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу әскери шеберлік пен жауынгерлік машық деңгейін арттыруға, сондай-ақ арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығын жетілдіруге бағытталған. Одан бөлек, маневрлерге қатысу әскерлердің белгілі бір тобының құрамында өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.

Бірінші кезең компьютерлік техника мен электрондық-есептеу жүйелерін қолдану арқылы командалық-штабтық оқу-жаттығу түрінде өтеді. Ал екінші кезеңді біріккен бөлімшелерде жауынгерлік атыспен бірге практикалық іс-қимыл түрінде өткізу жоспарланып отыр.

Биылғы 28 мамыр мен 9 маусым аралығына жоспарланған белсенді фаза барысында әскери қызметшілер құрлықтағы және теңіздегі операцияларды жүргізу мен десант түсіру кезіндегі қажетті дағдыларды бірлесіп пысықтайтын болады. 

Осы жылы «Эфес – 2022» оқу-жаттығуына шамамен 40 елдің әскери қызметшілері қатысып жатыр.

Барлық жаңалықтар