2022 жылғы 13 мамырда сағат 09.00-де Павлодар қаласы Естай атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді.
Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8(7182)39-13-12, 39-12-94 телефондары немесе k.nurakhmetova@mvd.gov.kz электрондық мекен жайы бойынша жолдауға болады.
Есеп беру кездесуі оффлайн және онлайн форматтарында өтеді. Трансляция тікелей эфирде ҚР IIM-нiң Instagram және Павлодар облыстық ПД-ның Facebook ресми парақшалары арқылы жүргізіледі.
Сұрақтар 12 мамырға дейін қабылданады. Сондай-ақ кездесу тікелей эфирде Еrtistv, @pavlodartv.kz облыстық телеарнасында, @pavlodarnews.kz сайтында және «Халық радиосы» толқынының 100.5 жиілігінде трансляцияланатын болады.