00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Ерекше балалардың ата-анасы да санаторийге тегін бара алады

25.02.2023 | 05:32
Елорда ақпарат
31

Бастама, шалғай аудандардағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мүгедектігі бар баласына жан-жақты санаторий-курорттық ем-дом алуға жол ашады. Бұл өзгерістер  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған.

Бүгінге дейін аталған мәселені жергілікті бюджет арқылы тек қана 3 аймақта, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды және Павлодар облыстарынан алып жүруші заңды өкілдеріне қаржы қарастырылған еді. Бұл – аса маңызды нормалардың бірі. Өйткені, қазірдің өзінде көптеген ата-аналардың әлеуметтік жағдайы баласымен бірге санаторий-курорттық ем-домын алуға жете бермейді. Жалпы заң жобасындағы қарастырылған қаржының басым бөлігі осы позицияны іске асыруға бағытталады. Біздің алдын-ала жобалық есебіміз бойынша 3 жылдың ішінде кемінде 62 мыңнан астам баламен ата-атасы немесе олардың заңды өкілдері санаторий-курорттық ем-домға бірге барады, – деді мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев. 

Барлық жаңалықтар