00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 1 мыңнан аса нәресте өмірге келген

25.02.2023 | 04:15
Елорда ақпарат
36

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкенттегі бедеулік проблемаларына арналған халықаралық конференцияда айтты.

Министрдің айтуынша, елімізде жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуде ЭКҰ бағдарламаларын мемлекеттік қаржыландыру маңызды рөл атқарды.

2010 жылдан бері 9 мыңға жуық бағдарлама өткізілді, 3 мыңнан астам бала дүниеге келген.

Балалардың болмауына байланысты неке бұзылатын жағдайлар туындайды. 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Үкіметке ЭКҰ-ға квотаны 7 есе ұлғайта отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды, оған республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның аясында 3 мыңнан астам әйел жүкті болып, 1 мыңнан астам бала дүниеге келді, - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Барлық жаңалықтар