00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстанда шағын бизнеске грант алу жеңілдеуі мүмкін

25.02.2023 | 03:40
Елорда ақпарат
18

2022 жылы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,98 млрд теңге қарастырылған. Биылдан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, сондай-ақ жұмыссыз жастарға ұсынылады.

ҰКП мамандары оқу бағдарламаларын кезең-кезеңмен бәсекелік ортаға беру керек деп санайды. Сонда жеке компаниялар үшін мемлекеттік тапсырыстарды орындау қолжетімді болады. Оқу үдерісімен нарық айналысып, ал қаржыландыру сертификаттарға тәуелді болмайды.

Мұндай шара оқудан бас тартамыз дегенді білдірмейді. Біздің бұл бағытта әкімдіктермен бірлесіп, бағдарламаларды қалай трансформациялау керек дегенге нақты бағдарымыз бар. Бизнесті енді қолға алған кәсіпкерлер, микро және шағын бизнес өкілдері бизнестің белгілі бір түрін жетік меңгеріп, дамытуы үшін білім беру экожүйесін құруымыз керек. Әрбір өңір үшін жеке бағдарлама әзірленуі тиіс, – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

Сонымен қатар, Палатаның аудандық филиалдарының қызметкерлері ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге гранттар немесе шағын қаржыландыру бойынша кеңес беріп, қолдау көрсететін болады.

Қазақстан Президенті жолдауында «Атамекеннің» функцияларын қысқарту керегін айтты. Бұл жұмысты Ұлттық палатаны трансформациялау аясында жүргізіп жатырмыз, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша тұжырымдама мен тәсілдердің өзгерістерін пысықтап жатырмыз, – деді Мақсат Қиқымов.

Сондай-ақ, Палата мамандары грант алу үшін міндетті сертификатты алып тастау сыбайлас жемқорлық қаупін төмендетеді деп санайды.

Барлық жаңалықтар