00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Асхат Оралов сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жас мерейтойымен құттықтады

25.02.2023 | 03:37
Елорда ақпарат
32

Осы орайда бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мемлекеттік рәміздер және ұлт архитектурасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Amanat партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысып, еліміздің сәулет өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады.

Әрбір мемлекеттің рәмізі оның дүниетанымы, арман-мақсаты, философиясы мен қағидаты десек, бұл тұрғыда Жандарбек аға халқымыздың салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін, жалпы ұлттық құндылықтарымызды елдігіміздің арқауы – Елтаңбамызда айшықтай білді, – деп жазды ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол өз құттықтауында «Елдік іске елеулі еңбек сіңірген Жандарбек ағаны кейінгі буын біздер үлгі тұтамыз. Бітім-болмысынан қазақ даласының дархандығы мен даналығы, бекзаттығы мен еркіндігі есіп тұратын ағамызға мықты денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ өмір және толайым табыс тілеймін», - деді Асхат Оралов.

Барлық жаңалықтар