00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Алматы тұрғыны автобусқа атпен кіріп келген (ВИДЕО)

25.02.2023 | 03:21
Елорда ақпарат
35

Polisia.kz сайтының мәліметінше, №12 маршруттағы автобуста жылқысын тасымалдаған азамат Ж. анықталды. 

Біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полиция бөлімі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 12-маршруттағы автобуста жылқысын тасымалдаған азамат Ж-ны анықтады. Ол қателігін бірден мойындап,  407-2 ҚР ҚБ 1-бөлігінің 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлады Алматы қаласы Медеу аудандық полиция бөлімінің басшысы Дәурен Өтебаев.

Тасымалдау кезінде жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, 407-2-бабында заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғатыны атап өтілді.

Барлық жаңалықтар