00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Аузы арақтан босамайды»: Рудныйда көршісі өртеп жіберген баланың анасы оқиға жайлы айтты

25.02.2023 | 02:56
Елорда ақпарат
26

Бүлдіршін ауыр халде жатыр. Күдікті қамауға алынды. Кісі өлтіруге оқталған көрші енді 20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жантүршігерлік оқиға кеншілер қаласының іргесіндегі станцияда болған. Көршілер жанжалдасып, 44 жастағы тұрғын келіншекке керосин шашып, шырпы тұтатқан. Көршінің кесірінен 4 жастағы бүлдіршін зардап шекті. Оның денесінің 45 пайызын күйік шалған.

Оқи отырыңыз: Рудныйда ер адам 4 жасар баланы өртеп жіберген

Үстіме түскен от лаулап кетті. Қайдан шыққанын байқамай қалдым. Қарасам, балам кәдімгідей жанып жатыр. Ол көршіміздің маскүнемдігі бар. Іссапардан келіп, 2-3 апта ішімдік ішіп жүреді, - дейді зәбір көрген әйел. 

Көршілері күдіктінің аузы арақтан құрғамайтынын айтады. Қатты мас болғанда ешкімге бағынбай кетеді екен.

Керосиннің иісі ме, бірдеңенің иісі шықты. Кішкентай бала да бақырып жылады. Жапа шеккен жас келіншек бізге есікті ашпады, – дейді көршілерінің бірі Әлия Сисенова.

Оның қос білегін күйік шалған, алғашқы медициналық көмектен соң үйіне жіберілген.

Зардап шеккен бала санавиациямен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ауыр халде жатыр. Ал қатыгездік танытқан 44 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды. Тергеу мүддесіне байланысты полицейлер мән-жайды ашып айтпады, – дейді облыстық аурухананың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева. 

 

Барлық жаңалықтар