00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Наурыз мейрамында қосымша пойыздар іске қосылады

25.02.2023 | 01:20
Елорда ақпарат
45

Атап айтқанда, «Жолаушылар тасымалы» АҚ мына коммерциялық пойыздарды іске қосады:

«Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент» бағытындағы №202/201 пойызы елордадан 18, 21, 24 наурызда жөнелтіледі. Шымкенттен 19, 21, 25 наурызда кері қайтады;

«Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-1» бағытындағы №204/203 пойызы елордадан 18 және 21 наурызда жолға шығады. Сол пойыз 19 және 22 наурызда кері қайтады;

«Ақтөбе – Атырау» бағытындағы №206/205 пойызы Ақтөбеден 18 және 20 наурызда, ал Атыраудан 19 және 21 наурызда жолға шығады;

«Алматы-2 – Шымкент» бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 18 және 20 наурызда аттанады. Бұл пойыз 19 және 21 наурызда кері қайтады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара ашылғанға дейін төрт халықаралық пойыздың бағыттары уақытша қысқартылды. Олар облыстар арасында жүреді:

«Алматы-2 – Саратов» бағытындағы №7/8 пойызы Орал станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 1 наурыздан тақ күндері, Оралдан Алматыға 4 наурыздан жұп күндері шыға бастайды;

«Қарағанды – Омбы» №145/146 пойызы Петропавл станциясына дейін қысқарды. Бұл құрам Қарағандыдан Петропавлға және кері қарай 2 наурыздан бастап жұп күндері қатынайды;

«Алматы-2 – Новосібір» бағытындағы №301/302 пойызы күнара жүрумен Семей станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 2 наурыздан бастап жұп күндері жолға шығады. Кері бағытта дәл осы пойыз 3 наурыздан бастап тақ күндері жүреді;

«Атырау – Астрахань» бағытындағы №625/626 пойызы Дина Нұрпейісова станциясына дейін қысқарды, күнара қатынайды. Атыраудан кері бағытта құрам 2 наурыздан бастап жұп күндері жүреді.

 

Барлық жаңалықтар