00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматы облысында «Аяз ата» оқушылар алдында эротикалық би билеген (ВИДЕО)

24.02.2023 | 23:07
Елорда ақпарат
47

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Әймен ауылында түсірілген видео Insatagram-дағы Qazaq.jerinde парақшасында жарияланды. Оқиға Жаңа жыл қарсаңында болған. Бұл оқиғадан соң Білім басқармасы мектеп директорын жұмыстан қуып жіберген.

Exk.kz сайтының жазуынша, оқушылардың ата-аналары бұл келеңсіз жайтқа мектеп директоры кінәлі емес екенін айтып, Білім басқармасына арыз жазған. Олар мектеп директорына тосынсый жасау үшін Аяз атаны өздері жалдағанын жеткізген. Олар жалдамалы Аяз атаның аяқ астынан эротикалық би билеп кететінін білмеген көрінеді.

2021 жылы 28 желтоқсанда «2 б» сыныбының тәрбие сағаты аяқталғаннан кейін сынып жетекшісі З.Р. Абдуллаева мектеп ауласында күтіп тұрған ата-аналарға оқушыларды табыстау мақсатында бірге шыққан. Осы сәтте ана-аналар мектеп директорына, әкімшілігіне сынып жетекшісіне еш ескертпестен оқушыларға тосынсый жасау мақсатында театрланған шоу ұйымдастырған. Ата-аналар жалдап алған Аяз ата күтпеген жерден шапанының ішінен киген жасанды адам денесін көрсетіп, билейді, — деп жазылған арызда.

 

"Әймен орта мектебінің директоры ҚР Еңбек кодексінің 159-бабының 4 тармағына сәйкес білім бөлімінің келісім комиссиясына 2022 жылғы 12 қаңтардағы №05-ж/қ бұйрығын заңсыз деп тану туралы өтініш берді. Білім бөлімі жанындағы келісім комиссиясы М.Жайлыбайдың өтініші бойынша, Заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізетін болады", — деді Алматы облысы Білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Барлық жаңалықтар