00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады

24.02.2023 | 22:40
Елорда ақпарат
40

Президент тапсырмасы аясында мектепке дейінгі деңгейде жаңа модель бекітілді. Балаларды ерте жастан дамыту институты құрылды. Балабақшаларда беріліп жатқан тәрбие мен білімнің сапалылығын зерттеу құрылымы жасалды, - деді Каринова.

Оның сөзінше, бүгінде мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешелерінің 27%-ында нақты осы деңгейдегі мамандық жоқ. Бүгінгі күні 51%-ы ғана тиісті квалификациялық санаттарын өзгертті. Сонымен қатар бір топқа бекітілген тәрбиешілердің жеткіліксіздігі олардың жұмысындағы ауыртпашылықты көрсетіп отыр.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, әсіресе жекеменшік балабақшалар қызметінің сапасы жақсарады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына өзгерістер енгіземіз, оның ішінде білікті педагогтермен қамтамасыз етіп, қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау үшін, мемлекеттік тапсырыс қаражатын мақсатты жұмсау және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында талаптарды күшейтеміз. Сондай-ақ балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасын құру жоспарланған, - деді Шолпан Каринова алқа отырысында жасаған баяндамасында.

Аталмыш база мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орындарды бөлудің ашықтығын, қаржының дұрыс жұмсалуын және кезектің қайталанбауын қамтамасыз етеді.

Барлық жаңалықтар