00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Президенттің батыл қадамдарын қолдаймыз» – №1 автобус паркінің ұжымы (ВИДЕО)

24.02.2023 | 21:15
Елорда ақпарат
29

Бүгінде терроршыларға қарсы операция жалғасуда. Полиция, Ұлттық ұлан және армиямыздың күшімен Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыс атқарылып жатыр.

Осы орайда елорданың түрлі мекеме, кәсіпорындарының ұжымы Мемлекет басшысының тәртіпсіздіктерді жойып, елдің тұрақтылығын сақтау жолында атқарып жатқан нақты шешімдеріне қолдау білдіруде.

Мәселен, қаладағы №1 автобус паркі ұжымының елдің қауіпсіздігіне қатер төндіріп жатқан бүлікшілерді айыптап, халықты сабырға шақырған видеосы тарады.

Елімізге тыныштық тілейміз. Ел іргесі аман болсын. Нұр-Сұлтанда төтенше жағдайға қарамастан №1 автобус паркінің міндеттері штаттық режимде атқарылуда, – дейді №1 автобус паркінің өкілі. 

Барлық жаңалықтар