00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ақылы олимпиадалардың сапасын ешкім бақыламайды – елордалық білім басқармасының басшысы

24.02.2023 | 20:23
Елорда ақпарат
33

"Көптеген жеке компаниялар адам тартып, өзінің ұйымын жарнамалау мақсатында неше түрлі ақылы олимпиада өтікізіп жатыр. Қатысу бағасы шамамен 500-1000 теңге. Бірақ, олардың оқушы портфолиосында алар ешқандай құны жоқ. Сол себепті біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, олимпиадалардың тізімін бекіттік", – деді Қасымхан Сенғазыев.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, бекітілген тізімге "Дарын" орталығы мен білім басқарламалары өткізетін олимпиадалар енген. Ал басқа олимпиадаларды қабылдамау үшін мектеп директорларымен жұмыс істеліп жатыр.

"Ақылы олимпиадалардың сапасын ешкім бақылап жатқан жоқ. Мысалы, "Ақбота" деген олимпиада бар. Оны балаға үйінде орындау үшін ұстатып жібереді. Ол оны үйіне апарып, әкесі орындап береді. Оны сырттан келген біреулер тексереді де, ертеңінде "Мына бала жақсы біледі екен" дейді. Ал шындығында оны баланың өзі орындаған жоқ", – деді Қасымхан Сенғазыев.

Барлық жаңалықтар