00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордалықтар қала үстіндегі алып жарқылдың метеориттікі екеніне сенімді (ВИДЕО)

24.02.2023 | 18:12
Елорда ақпарат
37

Жарқыл шамамен 19.25-те болған. Tengrinews.kz-тің мәліметінше, бұл туралы бірінші елорданың сол жағалауы мен Қосшы қаласының тұрғындары байқаған. Куәгерлер жарқылдың найзағайға ұқсамайтынын айтты. Құбылыс көшедегі бейнебақылау камераларына да түсіп қалған.

«Бұл жағдай бойынша мәлімет түскен жоқ», - деп отыр Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Ал ол уақытта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран ұшпаған. Сондықтан куәгерлер метеоритті көргендеріне сенімді.

«Аспаннан ақ шар ұшты, артында қызыл құйрығы бар. Мүмкін метеор. Қаладан тыс жерде, Талдыкөл ауданында. Жерге жетпеді, бірақ аспанға бірнеше секунд жарық берді», - дейді куәгерлердің бірі.

Барлық жаңалықтар