00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жыл басынан бері елордада 113 келі есірткі тәркіленді

24.02.2023 | 16:05
Елорда ақпарат
37

Полиция өкілі бұрын әдетте нашақор дегенде көз алдымызға тұрмысы нашар, киімі ұқыпсыз, сақал-шашы өскен адамдар елестесе, қазір олардың бет-бейнесі өзгергенін айтады.

«Бұрынғыдай ине шаншитындар азайды, енді оның орнына иіскеп, таблетка немесе газ түрінде жұтып, керек десеңіз, сусынға араластырып-ақ іше сала салатын қолжетімді түрлері көбейді. Өйткені олардың дені – синтетикалық есірткі. Оны пайдаланатындар – сырт қарағанда ешкімнен ерекшеленбейтін, түр-тұлғасы, киім киісі келіскен, керісінше, көбіне ауқатты отбасыдан шыққан адамдар. Биыл жыл басталғалы 113 келі есірткі затын тәркіленді, 2 наркологиялық зертхананың көзі жойылды, есірткі жарнамасы үшін 20 қылмыстық іс қозғалды», – дейді Сергей Ильиных.

Оның айтуынша, синтетикалық есірткіні жасап, оны сатумен айналысатындар көбі – жас балалар.

«Екібастұздан 17 жастағы бала Нұр-Сұлтанға келіп, наркологиялық зертхана ашып алған. Сөйтіп бір тәулік ішінде 2 келідей психобелсенді зат шығарған. Жап-жас бала, не білімі жоқ, не үйден көрген тәрбиесі жаман деуге де келмейді. Оның бар міндеті – тапсырыс берушілердің дайындап берген құрал-жабдықтары мен қоспаларын пайдаланып, психобелсенді заттар жасап, сатып отыру. Осы үшін оған ай сайын жарты миллион теңгедей айлық уәде беруі мүмкін. Ақыры бұл бизнесі әшкереленіп, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды», – дейді полиция өкілі.

Жыл сайын есірткі заттарының қатары көбейіп келеді, еш азаймайды. Оның бәрі елімізде адам өмірі мен денсаулығына қатты әсер ететін қауіпті заттар тізіміне енгізіліп отырады. Мәселен, 2015 жылы бұл тізімге есірткінің 89 жаңа түрі мен 365 элемент енгізілсе, биыл 11 жаңа синтетикалық есірткі мен 17 ингридиент қосылған.

Барлық жаңалықтар