00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Шенеуніктер мен қауіпсіздік күштеріне казиноға кіруге тыйым салынады

15.08.2023 | 13:00
80
Фото: Устинка LIVE

Елімізде шенеуніктер мен қауіпсіздік күштеріне ойынханаларға кіруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлық жобасында көзделген, деп хабарлады Elorda.info "Ашық НҚА" сайтына сілтеме жасап.

Құжат Президенттің Жарлықтарына мынадай өзгерістер енгізуді көздейді:

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы";

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы";

"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы".

Оның ішінде әскери қызметкерлерге заңнамада белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау,  оның ішінде "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемесіне барудан тартыну міндеттеледі. Дегенмен қызмет бабына сәйкес казиноға бара алады.

Түзетулер беделге төнетін тәуекелдерді азайтуға, оның өкілдері тарапынан мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге бағытталған, - делінген Жарлық жобасының түсіндірме жазбасында.

Құжат 28 тамызға дейін қоғамдық талқылауға қолжетімді болады.

Ұқсас жаңалықтар