00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Жәнібек Әлімханұлының канадалықпен айқасы тікелей эфирден көрсетіледі

03.05.2023 | 22:30
46
фото: Top Rank

Қазақстандық жанкүйерлер орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен канадалық Стивен Батлердің (32-3-1, 26 КО) айқасын тікелей эфирден тамашалай алады, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Стоктандағы (АҚШ, Калифорния штаты) жекпе-жек 14 мамыр күні Қазақстан уақытымен таңертең өтеді. Тікелей көрсетілімді «Хабар» телеарнасы ұйымдастырады. Басталуы Астана уақытымен 07.00-де.

Бұл - Жәнібектің титулын екінші рет қорғауы. Бұған дейін ол 2022 жылы қарашада төрешілердің бірауыз шешімімен британдық боксшы Дензел Бентлиді (18-2-1, 15 КО) жеңген болатын.

 

Барлық жаңалықтар