00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Көркем гимнасшылар Азия біріншілігінде топ жарды

04.05.2024 | 10:54
104
Көркем гимнасшылар Азия біріншілігінде топ жарды
Фото: дереккөз

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы үш медаль қоржынға түсті, деп хабарлады Elorda.info olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. 

Ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға қол жеткізді. 

Еске сала кетейік, кешегі жарыс күнінде Эльжана Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен болатын. 

Бүгін жекелеген жаттығулар бойынша финалдық бәсекелер өтеді.

Барлық жаңалықтар