00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалық спортшылар халықаралық турнирде чемпион атанды

22.04.2024 | 16:27
52
Елордалық спортшылар халықаралық турнирде чемпион атанды
Фото: дереккөз

Испанияда грек-рим күресінен жастар (U23) және жасөспірімдер арасында (U17) халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа әлем елдерінен жиналған 16 құрама команда, 160 спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында Астана қаласының бозкілем шеберлері де өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Дәлірек айтсақ, халықаралық турнирде жасөспірімдер арасында 71 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен елордалық Әбілмансұр Ахалбек пен жастар арасында Мерей Маулитканов бірінші орынға ие болды.

Барлық жаңалықтар