00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Сайлауда бюллетеньмен селфи жасау: дұрыс па, бұрыс па

31.03.2023 | 22:47
ҒаниАтымтай
8

Бұл тақырып Сарапшылық кеңестің кеңейтілген отырысында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен талқыға салынды, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен, бірінші жағдайда, кейбір қоғам белсенділері толтырылған бюллетеньді фотосуретке түсіріп, таратуға заңды түрде тыйым салуды ұсынады.

Екінші тараптан, бірқатар қоғамдық бірлестікпен тікелей трансляцияны қамтамасыз ете отырып, учаскелерде дауыс беру барысының бейнемониторингін енгізу туралы ұсыныстар айтылады.

Конституциялық құқық профессоры Индира Әубәкірова шынында да, соңғы 10 жылда әлеуметтік желілер мен камералық ұялы телефондардың пайда болуы әлемдік деңгейдегі күрделі мәселе болып отырғанын және қоғамда сайлау учаскелерінде фотосуретке түсіруге рұқсат беру немесе тыйым салу түрлі пікірталас тудырғанын айтады. Мұның себебі дауыс беру құпиясының рәсімін бұзуға және сайлаушыларды мәжбүрлеу немесе пара беру қаупіне әкеп соғуы мүмкін тәуекелдерге байланысты. 

Ғалым атап өткендей, мұндай пікір қайшылығы тек Қазақстанда емес, барлық дамыған, демократиялық елдерде де бар.

Рұқсат бар. Тыйым да жоқ емес

Ғалым біздің еліміздегі жасырын дауыс беру жағдайына тоқтала отырып, Конституциялық заңның 8-бабын келтірді. Бұдан шығатыны, ҚР ОСК заңға тәуелді акт болып табылатын өз қаулысында заңнамалық деңгейде шектеуге немесе тыйым салуға құқылы емес.

Ал ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің мүшесі, конституционалист, профессор Лейла Жақаева өз сөзінде бюллетеньді фотофиксациялаудың құқықтық аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Сондай-ақ дауыс беру құпиясын бұзғаны және сайлау процесінде теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілік мәселелерін қозғай отырып, олардың қолданыстағы заңнамада жеткілікті реттелгенін және қосымша тыйым салу нормаларын енгізудің қажеті жоқтығын атап өтті.

Бюллетеньмен селфилеткен сайлаушылар әдетте фотосуретті әлеуметтік желілерде жариялап жататыны жасырын емес. Бұл жағдайда дауыс беру күні белгілі бір таңдау жасау үшін үгіт ретінде сайлау заңнамасын тікелей бұзу болып танылуы мүмкін.

Сарапшылық кеңестің мүшесі Халида Әжіғұлова заңның шамадан тыс реттелуі және жаңа тыйымдардың енгізілуі сайлаушыларды сайлауға қатысудан шеттетуі мүмкін деген алаңдаушылық білдіріп, суретке түсіруге және фотобюллетеньдерді жариялауға толық тыйым салудың теріс салдарын ескеруге шақырды.

Все новости