00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Қоғамда өзгеріс­тер болғанын қаласақ, сайлауға белсенді қатысайық – ҚХА өкілі

31.03.2023 | 22:45
Елорда ақпарат
2

Сайлау науқаны Қазақстандағы бүкіл саяси процестің дамуының оң трендіне ие. Бұл туралы «Оберег» украиндықтар қоғамы» ҚБ төрағасы Тамара Ширмер айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде конституция­лық реформаны тәжірибеде іске асыру жалғасып жатыр. Биыл қаңтарда заң шығару қыз­метін жүзеге асыратын ­республиканың өкілді органы – Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өткізілді. Енді алда 2023 жылдың 19 наурызында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау науқаны өтеді. Бұл сайлаулардың ерекшелігі – референдум нәтижесі бойынша қабылданған түзетулерге сәйкес олардың аралас сипатқа ие болуы. Азаматтар кандидаттарға партиялық тізім бойынша таңдау жолымен ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі ұсынған кандидаттарға да дауыс бере алады. Тағы бір жаңашылдық – нақты бір сайланушылардың жұмысына көңілі толмайтын қазақстандықтардың олардың кандидатурасын қайтарып алуға құқығының болуы. Жалпылама алғанда, сайлау науқаны Қазақстандағы бүкіл саяси процестің дамуының оң трендіне ие. Егер біз Әділетті Қазақстанда өмір сүрумен байланысты қоғамда өзгеріс­тер болғанын қаласақ, егер мемлекеттілігімізді нығайта түсуді көздесек, онда еліміздегі өте маңызды мемлекеттік және саяси акциялар – Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына белсенді қатысуымыз керек, - деді ол.

Все новости