00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Мәслихат депутаттарының беделі артады деген үміт бар – саясаттанушы

31.03.2023 | 22:27
Елорда ақпарат
5

Билік үшін, әрине Парламент пен Үкімет арасында қақтығыс деңгейінің болмағаны маңызды. Жалпы бұл саяси өзгеріс жаңа тұлғалар мен жаңа партиялық жобаларды көрсетуге бағытталған. Бұл қазақстандық саясатты қайта іске қосудың дәлелі. Мұндай пікірді саясаттанушы саясаттанушы Эдуард Полетаев айтты, деп хабарлады Elorda.info Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Кемшіліктерге келер болсақ, әдетте барлық мерзімінен бұрын өтетін сайлау шарасы сайлау органдарының беделіне нұқсан келтіріп жатады. Себебі Парламент өзін-өзі таратқанда немесе таратылғанда және т.б кезде көпшілікке бұл саяси ойын сияқты көрінеді. Яғни заң шығарушы орган ретінде билік сынның астында қалады, бірақ бұл Парламенттегі мұндай соңғы құбылыс және соңғы өзгеріс деген үміттемін, бұл оның сайлаушылар алдындағы заңдылығын арттырады деп сенемін, - деді Эдуард Полетаев.

Сарапшының айтуынша, бұл қазіргі жағдайда уақтылы шешім. Өйткені бұны кейінге қалдыру мүмкін емес еді. Елдегі жағдай, сыртқы саяси сын-қатерлер, қаңтардан кейінгі ішкі мәселелер қоғамда және биліктің өзінде болған саяси реформаларды іс жүзінде көрсетуді талап етті. Билік бірден жүз пайыз өзгеріп кете алмайды. Бұл мүмкін емес.

Бұл сайлаудың ерекшелігіне тоқталсақ, мәслихаттың құрамын қалыптастыруда 50/50, ал Мәжілісте 70/30 ұстанымы орнайды. Менің ойымша, бұл сайлау техникалық тұрғыда ұйымдастыру бағытында алдыңғы сайлаулардан қатты ерекшеленбейді. Яғни, бұл үрдіс бір ізге түскен. Ал құрамы тұрғысынан саясатта жаңа тұлғалар пайда болып, мәслихат депутаттарының беделі артады деген үміт бар, - деді саясаттанушы.

Эдуард Полетаев көптеген жаңа тұлға мәслихаттардың беделін көтереді деген сенімде. Бұл да өте маңызды, өйткені осы уақытқа дейін мәслихаттар әкімдіктер жанындағы дауыс жинау құралы болып келді және сол арқылы аса беделі жоқ адамдар үлкен саясатқа тап болып жатты.

Онда, әдетте, өз мүддесін ойлаған бизнес өкілдері отырды. Мәслихаттардағы жұмыс айтарлықтай материалдық пайда әкелмеді, бірақ аймақтық деңгейде шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Қазір мәслихат депутаттарының атқарушы билікке қажеттілік пен проблеманы сезінетін және жеткізетін адамдар ретіндегі беделін арттыру өте маңызды. Соған қарамастан, халықты қандай да бір геосаяси сілкіністерге қарағанда, тұрмыстық, әлеуметтік, коммуналдық мәселелер көбірек алаңдатады. Десе де мәслихаттардың бей-жай қарамайтын депутаттары болды, бірақ олардың саны өте аз және одан да көп болады деп үміттенемін, - дейді Полетаев.

Бұдан бөлек, саясаттанушы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының өзара айырмашылығы мен міндеттеріне қатысты да пікірін білдірді.

Егер Мәжілісте Халықаралық істер жөніндегі комитет болса, мәслихатта мұндай комитетті елестету мүмкін емес. Бірақ бұл мәслихат деңгейі Мәжілістен төмен болуы тиіс дегенді білдірмейді. Ресми түрде Мәжіліс – бұл биліктің үшінші тармағы, бірақ соған қарамастан, халықпен, жұртшылықпен жұмыс істей отырып, мәслихат депутаттарының мәртебесі көтерілуі тиіс. Оның ішінде күнделікті жұмыс қажеттілігінің арқасында. Егер Мәжіліс бірнеше ай бойы талқыланатын заңдар қабылдайтын болса, онда мәслихат депутаты, менің ойымша, осы жерде және қазір шұғыл түрде мәселелер мен проблемаларды көбірек шешуі керек, - деді ол.

Все новости