00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Сарапшы: Сапалы жаңа шарттар – алдағы сайлаудың айрықша белгісі

31.03.2023 | 22:24
Елорда ақпарат
9

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы саяси жүйені түпкілікті қайта жаңғыртып, мемлекеттік басқарудың жаңа формасын қалыптастырады. Бұл пікірді Президент жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Әлішер Тастенов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, қайта жаңғырту саяси және экономикалық саладағы барлық заманауи сын-қатерлерге төзімді сапалы жаңа теңгерімді саяси модель құруға бағытталған. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы іс жүзінде жүзеге асады.

Сапалы жаңа шарттар – алдағы сайлаудың айрықша белгісі. Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Бұған дейін партиялардың Мәжіліске өтудегі шекті кедергісі 7-ден 5 пайызға дейін төмендетілген болатын. Саяси партияларды тіркеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді. Атап айтқанда, тіркеу шегі 4 есеге – 20-дан 5 мың мүшеге дейін қысқартылды. Партиялардың аймақтық өкілдіктерінің саны 600-ден 200 адамға дейін қысқартылды. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлау да аралас сайлау жүйесі бойынша 50-де 50 арақатынаста өтеді. Бұл ретте, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлауда қазақстандықтар тек бір мандатты округтердегі кандидаттарға ғана дауыс береді, – деді сарапшы.

Сондай-ақ Әлішер Тастеновтің пікірінше, жаңа шарттар мемлекеттік органдардағы қоғамның пікірін, көзқарасын, сұранысын кеңінен көрсетуді қамтамасыз етіп, азаматтық қоғамның тиімді дамуына ықпал етеді. 

Все новости