00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

«Байтақ» пен Respublica партиялары бірнеше өңірде ғана сайлауға қатысады

31.03.2023 | 22:24
Айман Нығмет
4

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2023 жылғы 21 қаңтардағы қаулымен мәслихат депутаттарын сайлауға тек үш облысқа ғана жіберілді. Қазіргі уақытта партия филиалдары бірқатар басқа облыста және Алматы, Шымкент пен Астана қалаларында құрылды. Respublica партиясы да қазіргі уақытта өздерінің филиалдарын құрған аймақтарда ғана мәслихат депутаттарын сайлауға жіберіледі. Осыған орай «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясын» Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберудің кейбір мәселелері туралы қаулыны, Respublica партиясының Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарғанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы қаулыны қабылдау ұсынылады, - деді ОСК отырысында комиссия мүшесі Шавкат Өтемісов. 

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы қабылдады.

Все новости