00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Сайлау – 2023: Партиялар қалай қамданып жатыр

31.03.2023 | 22:21
Елорда ақпарат
3

Осы күндері әрбір саяси партия өз сайлаушыларына алдағы науқанға қатысу ниеттерін танытып, кандидаттармен бірге сайлау компаниясына қатысуға, іріктеу жұмыстарын жүргізуге шақырып жатыр. Мысалы, жақында ғана сайланған Amanat партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев сайлауға түскісі келетін үміткерлер ең әуелі өз ісінің маманы болуына, қоғамның үні болуына, хайп іздегендерді емес, халық аманатына адал жұмыс істейтін азаматтарды қолдайтындығын, саяси тартысты бәсекеге тас-түйін дайындығын айтуда.

Сонымен қатар «Ақ жол» ҚДП, «Ауыл» ХДП, Қазақстанның Халықтық партиясы, кеше ғана атауында бояуы әлі кеппеген «Республика» партиясы сайлауға белсенді қатысу дайындықтарын хабарлауда.

Дегенмен, заңның аты - заң болған соң, кейбір нақтылауларды талап ететін мәселелерге Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров партиялардың сайлауға жіберу қаулысын қабылдауда «Республика» партиясын мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысуы мақұлданбайтындығын, партия бөлімшелерінің жоқтығына байланысты өз кандидаттарын ұсына алмайтындығын, бірақ 8 ақпанға дейін партия өз бөлімшелерін ашатын болса, Мәжіліс депутаттары сайлауына қатысу мүмкіндігі туатындығын жеткізді.

Бұл ескертпе «Байтақ» партиясының тек үш өңірде бөлімшелерінің болуына байланысты олар Мәжіліс депутаттығына сол өңірлерден ғана кандидаттарды ұсына алатындығын айқындады. Әлі де аймақтық бөлімшелерді ұйымдастыруға айтарлықтай уақыт бар.

Бұған қосымша, Әділет министрлігінің қарауында жаңадан құрылатын «Ел тағдыры», «Ұрпақтар жалғастығы» партияларының өтініштеріне растау берілуде. Егер заңдық талаптармен партия құру туралы өкілді съездерін өткізсе, 8 ақпанға дейін тіркеліп, сайлауға қатысу-қатыспауы жөнінде тиісті шешімдердің қабылданатыны мәлім болды.

Әлбетте, саяси партиялардың болуы 19 миллиондық қазақстандыққа көптік етпейді. Саяси мәдениеттің негізінің қалануына айтарлықтай серпін беретін үрдіс, елімізді әлемнің демократиялық даму көшінен қалдырмайды. Сол себепті биылғы сайлау науқанында 11 976 406 белсенді сайлаушы құқығы бар азаматтың қолындағы бюллетенінде ертеңгі күннің болашағы тұрғандығын түсінген абзал.

Сайлау бұл – құқық еркіндігі. Ал еркіндікті дұрыс қолдану – азаматтық парыз!

Мақсат ЖАҚАУ, саясаттанушы

Все новости