00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Сайлау учаскелерінің 92 пайызы пандустармен қамтамасыз етілген

31.03.2023 | 19:41
Елорда ақпарат
4

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме  жасап.

Жарымжан жандардың дауыс беру құқығын шектемеу, сайлау орталығында ыңғайлы жағдай жасау мәселелері қозғалды. Учаскелер пандустар мен арнайы трафареттермен жабдықталу қажет. Және дәл осы мәселеде қаражат үнемделмеу керек деді төраға Нұрлан Әбдіров. Сайлау учаскелерінің 92 проценті пандустармен, 82,3 пайызы ғимаратқа кіре берістегі тактильді белгімен қамтамасыз етілген. Дауыс беретін күні инватакси қызметі жұмылдырылатын болады.



Сайлау учаскелерін пандуспен жабдықтау, саңырауларға арналған қажетті құрылғылар, арбалыларға лифті бар мекемелерді қарастыру сынды мәселелер ескерілуі керек. Саңырау сайлаушылардың едәуір бөлігі дауыс беруге қатысады деп болжанатын сайлау учаскелерінде жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің көмегімен сурдоаудармашылар, тифлосурдо-аудармашылар тартылуы қажет, - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Все новости