00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Белгілі рэпер елордалықтарға ерекше үндеу жасады

24.04.2024 | 09:28
87
Белгілі рэпер елордалықтарға ерекше үндеу жасады
Фото: дереккөз

Астанада концерт барысында танымал музыкант, рэп-орындаушы МОТ елорда тұрғындарына қаланы таза етуге және экологиялық акцияны қолдауға шақырды, деп хабарлады Elorda.info.

Музыкант тазалықты ары қарай жалғастыруды және концерттен кейін қоқыс жинауды ұсынды.

Өздеріңіз білесіздер, біз Қазақстанды қатты сағындық, Астанада көптен бері болған жоқпыз. Қазақстанда екенімізді қалай сезінгенімізді білесіздер ме? Мен Астананың қаншалықты таза әрі әдемі екеніне кезекті рет көз жеткіздім.

Сіздер өте жақсы адамсыздар, сол себепті қаланың тазалығына атсалысыңыздар.

Мен қазір экологиялық акция жүріп жатқанын естідім. Тазалықты осы жерде де сақтап, рухани, музыкалық кешті ары қарай жалғастырайық. Сондықтан концертке бөтелке, банка сияқты заттар алып келсеңіздер, бірге алып кетейік, – деді МОТ.

Барлық жаңалықтар