00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада әскери медицинаны дамыту мәселелері талқыланды

17.11.2023 | 09:00
66
Фото: дереккөз

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Бас әскери-медициналық басқарма бастығы, медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайылдың басшылығымен дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға күштік ведомстволар әскери-медициналық бөлімшелерінің, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ және «СК-Фармация» ЖШС мамандары қатысты.

Жиынды ашқан медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл денсаулық сақтау жүйесінің халықтың денсаулығын сақтаудағы маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ, қолда бар тәжірибені ескере отырып, әртүрлі ведомстволардың өкілдеріне әріптестерімен бөлісетін көптеген мәселелердің бар екеніне сенім білдірді.

Кездесуге қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл, инфрақұрылымдық даму, материалдық-техникалық жарақтандыру және медицина саласын цифрландыру мәселелерін талқылады.

Шет мемлекеттерге кететін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты, медициналық сақтандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, әскери қызметшілерді санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кадрлық қамтамасыз ету және әскери медицина мәртебесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Барлық жаңалықтар