00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада пәтерлерге айналдырылған техникалық қабат бұзылады

24.04.2024 | 14:02
88
Астанада пәтерлерге айналдырылған техникалық қабат бұзылады
Фото: дереккөз

«Елімай Сити» тұрғын үй кешені құрылысына тапсырыс беруші техникалық қабатты пәтерлерге қайта жабдықтау бөлігінде бекітілген жобадан ауытқу арқылы құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс салушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

Бұдан басқа, басқарма Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына объектіні сараптамадан өткен бекітілген жұмыс жобасына сәйкес келтіру жолымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап-арыз жолдады.

Бүгінгі күні құрылыс салушы аталмыш шешімді орындау үшін тұрғын үй кешенін жобалық құжаттамаға сәйкес келтіру мақсатында заңсыз тұрғызылған қоршау конструкцияларын бөлшектеу бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Жалпы алғанда, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің екі блогында 12 пәтерді бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үй кешені Нұра ауданында Қорғалжын тасжолы мен E127 көшесінің қиылысында орналасқан, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар