00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада EXPO аумағында мұз айдыны ашылады

31.03.2023 | 21:12
Елорда ақпарат
55

19 желтоқсанда елордада EXPO іскерлік орталығының аумағында ашық аспан астындағы мұз айдыны маусымының дәстүрлі ашылуы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

150 адамға арналған EXPO ашық мұз айдыны NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының маңында орналасқан. Мұз жамылғысының ауданы 1300 шаршы метрден асады.

Мұз айдынына кіру тегін. EXPO мұз алаңының жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 12:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.

Келушілер үшін киім ауыстыратын бөлме, қоғамдық тамақтану орындары және тәулік бойы жұмыс істейтін 3 мың автомобильге арналған жерасты тұрағы қарастырылған.

Келушілер мұзайдынына өз конькиімен кіре алады, ал конькиі болмаған жағдайда дәл сол жерде жалға ала алады. Конькиді жалға алу сағатына 500 теңге тұрады.

Барлық жаңалықтар