00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазпоштада 270 млн теңгеден астам қаржы ұрланған

29.11.2023 | 08:30
43
Фото: www.kazpost.kz

Қазпочтаның 7 өңірлік филиалында ақша ұрлану фактісіне байланысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазпошта» АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тексеріс кезінде, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 273 млн теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.

«Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды», - делінген мекеменің ресми хабарламасында. 

Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді.

Барлық жаңалықтар