00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде қанша ер мұғалім бар?

06.05.2024 | 19:00
105
Елімізде қанша ер мұғалім бар?
Фото: Рixabay.com

Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарында қанша ер адам жұмыс істейтінін нақтылады, деп хабарлады Elorda.info.

Мамандардың айтуынша, ер оқытушылардың саны 93 мыңнан асады. Бірақ бұл статистикаға университет оқытушылары кірмейді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ұйымдарында 93 048 ер педагог жұмыс істейді. Оның 13 867-сі колледждерде, 76 502-сі мектептерде, 2 679-ы мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет етеді, - делінген министрлік хабарламасында.

Барлық жаңалықтар