00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Алдағы демалыста күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады

27.04.2024 | 08:30
79
Алдағы демалыста күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады
Фото: ашық дереккөз

28-29 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Сенбіде жауын-шашынсыз болуы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

27 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда 28-29 сәуір аралығында синоптиктер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп болжап отыр. Алдағы жексенбіде оңтүстікте, 29 сәуірде – солтүстік-батыста, солтүстікте нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда дүйсенбіге қараған түні жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Республика бойынша жалпы ауа температурасы көтеріледі. Бірақ 27-28 сәуірде түнде солтүстікте термометрлер 1-8 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Барлық жаңалықтар