00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан мен БАӘ бірлескен пошта маркасын шығарды

24.02.2023 | 15:53
Елорда ақпарат
37

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің пошта қызметтері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылғанына 50 жыл» тақырыбында маркалар шығарды. Оның сериясы - «Естелік және мерейтойлық күндер». Маркалар айналымға енгізілді. Олар еліміздегі пошта бөлімшелерінде ұсынылған немесе kazpost.kz сайтынан онлайн тәртіпте тапсырыс беруге болады.

Шығарылым бір-біріне жалғасқан екі маркадан тұрады. Әрбір пошта марка көлемі 28 х 40 мм және номиналы 550 теңге. Таралымы - 20 мың дана. Маркаларды жасау кезінде ультракүлгін бояумен қорғау элементтері қолданылды. Олар лакпен және алтын фольгамен өрнектелген.

Айта кетейік, "Қазпошта" АҚ мен Emirates Post компанияларының бірлескен жемісті жұмыс тәжірибесі бар. 2015 жылы ұлттық пошта қызметтері Қазақстан мен БАӘ арасындағы қарым-қатынастың дамуына арналған бірлескен пошта маркасын шығарды.

Биыл «Қазпошта» АҚ "Естелік және мерейтой күндері", "Ғарыш" және "Фауна" сериясы бойынша әртүрлі тақырыптарда 13 млн пошта маркасын шығарады.

Барлық жаңалықтар