00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Павлодарда балаларға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған

05.02.2024 | 06:45
81
Фото: дереккөзден

Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, 21 млн теңдеген астам қаржы жұмсалған 9,5 мыңнан астам вакцина тиімсіз пайдаланылған. 

Атап айтқанда, Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген. Павлодар емханаларының біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді. Сонымен қатар 2 балаға мерзімі өткен вакцина салынған, - деді прокуратураның баспасөз қызметі. 

Тексеру барысында қызылшаға қарсы екпе салынды деп жалған құжат толтыру фактілері де белгілі болды.  

«Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылды», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар